|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 шілдедегі № 595 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде мынадай мазмұндағы рет нөмірлері 40-2, 55-1, 65-1, 191-1 - жолдармен толықтырылсын:
реттік нөмірі 61-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Кеменің деррик-крандары; кабель-крандарды қоса алғанда, көтергіш крандар; көтергіш кранмен жарақталған көтергіш жылжымалы фермалар, портальды жүк тиегіштер мен тіркемелер, жүк көтерімділігі 0,5 тоннадан 60 тоннаға дейін электрлі көпірлі крандарды, жүк көтерімділігі 5 тоннадан 32 тоннаға дейін электрлі төрт тағанды крандарды, жол автокөлік құралдарында монтаж үшін арналған, жүк көтерімділігі 10 тоннадан 25 тоннаға дейін крандардан басқа гидравликалық крандар». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |