|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына өзгеріс енгізу және
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 4, 53-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметтерін сертификаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1019 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 486-құжат); 2) «Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1187 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 563-құжат); 3) «Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 611-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |