Лицензиарлар беретін ақпаратты жинау, талдау, өңдеу ережесін бекіту туралы
ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 17 Бұйрығымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Лицензиарлар беретін ақпаратты жинау, талдау, өңдеу ережесі бекітілсін. 2. Экономика салаларын дамыту департаменті (М.Н. Байбеков) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 26 тамыздағы № 182 бұйрығымен бекітілген
Лицензиарлар беретін ақпаратты жинау, талдау, өңдеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы лицензиарлар беретін ақпаратты жинау, талдау, өңдеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) лицензиялау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында лицензиарлар беретін ақпаратты жинау, талдау және өңдеу тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.
2. Лицензиарлардың ақпаратты беру нысандары мен мерзімдері
2. Лицензиарлар жарты жылдықта бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне осы Ережеге 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысанда қағаз және электронды тасығыштарда ақпаратты береді. берілген және қайта ресімделген лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың саны (жалпы саны, олардың көрсеткіштерінің серпіні); лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар беруден бас тартудың негізгі себептері; лицензияларды қайта ресімдеуге арналған негіздемелер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|