Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер коллегиясының
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа құрамында төрағалық етуші Жүкенов Ә.Т., судьялар Исмаилов Е.Ж., Тоқболатов И.Т. болып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлім прокуроры Көрегенов Ж.Қ., жәбірленуші Калимов Қ., қорғаушылар Мұхатанов Т., Ниеткалиева А.Р. қатысуымен өзінің ашық сот мәжілісінде Астана қаласында 9 қаңтар 2008 жылы қорғаушылардың жеке шағымдарымен келіп түскен қылмыстық істі қарады. Атырау облыстық сотының 12 қараша 2007 жылғы қаулысы бойынша сотталушылар Қалиев А. тағы басқаларының қылмыстық ісі қайта тергеуге жолданған. Алдын ала тергеу орнының таққан айыбы бойынша 2 маусым 2007 жылы А.Қалиев, Д.Досақов, А.Тұрғанбаев және А.Исмуханов арақ ішкен мас күйлерінде өздеріне бейтаныс Д.Қалимовты кездестіріп онымен қосылып сыра ішіп, сонғысының қалтасында ақша бар екенін көріп күш қолданып ақшасын тартып алуға келіскен. Осы ойларын іске асыру мақсатында Қалиев Калимовтың бетіне қолымен ұрғанда басқалары жәбірленушінің басынан сыраның бос шөлмектерімен ұрып, аяқтарымен тепкілей бастаған. Ал Қалиев өздеріне қарсылық көрсеткен Калимовты қасақана өлтіру мақсатында жерден битум тасын алып жәбірленушінің басынан бірнеше рет ұрған. Ол есінен танып жатқанда қалтасынан 3500 теңге ақшасын алып кеткен. Алған ауыр жарақаттардан жәбірленуші Калимов сол жерде өліп кеткен. Осы әрекеттері үшін Қалиев ҚК-нің 179 бабының «а,д» тармақтарымен, 96 бабының 2 бөлігінің «з» тармағымен, Исмуханов, Тұрғанбаев, Досақов ҚК-нің 179 бабының 2 бөлігінің «а,д» тармақтарымен қылмыстық жауапқа тартылған. Сот кұрамы басты сот талқылауында жәбірленуші, оның өкілінің өтініштерін қанағаттандырып істі сотталушылардың бәріне ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «з» тармағын тағу үшін қосымша тергеуге жолдаған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|