|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер қарайтын алқасының
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер қарайтын алқасы құрамында: төрағалық етуші - алқа төрағасы Жүкенов Ә.Т., мүшелері- судьялар Қожан Т.Ә. және Рысқалиев А.Р. болып, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі Ж.Көрегеновтың қатысуымен ашық сот мәжілісінде Атырау облыстық сотының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы үкіміне сотталушы Сейтказиевтың келтірген апелляциялық шағымымен түскен қылмыстық істі қарады. Осы үкіммен Сейтказиев Батырбек Махсутович, 1984 жылы 12 желтоқсанда Атырау облысында туған, қазақ, бұрын сотталмаған, орта білімді, бойдақ, «Мерей» базарында күзетші болып жүмыс жасаған, ҚК-нің 96 баб. 2 бөл. «и» тармағымен 13 жылға бас бостандығынан айыруға, жаза мерзімі 2007 жылғы 19 шілдеден бастап есептеліп қатаң режиміндегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Іске тіркелген айғақты заттар туралы мәселе ҚІЖК-нің 121 бабына сәйкес шешілген. Үкім бойынша Сейтказив 2007 жылғы мамырдың 14 күні түнгі сағат 24-тің шамасында Атырау қаласы Гагарин көшесіндегі 78-ші санды үйдің жанына «ВАЗ-21213» маркалы мемлекеттік белгісі Е-991 ВЕ автокөлікпен келіп, сол жерде жолдастарымен әңгімелесіп тұрған М.Атбаевты бұзақылық ниетпен атыс қаруынан атып, оған құқыққа қарсы қасақана қаза келтіргені үшін айыпталған. Апелляциялық шағымында сотталушы Сейтказиев жәбірленуші М.Атбаевты өлтіруге қылмысқа қатысы жоқ екенін, оқиға болатын күні - 14 мамырда сағат 21-00 ден 02-ге дейін жолдастарымен бірге «Достық» кафесінде болғанын. Сондай-ақ, қай жерден, қандай оқ атылғанын анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама және автокөліктің есігінде калған саусақ іздері кімдікі екенін анықтайтын сот-дактилоскопиялық сараптама да жүргізілмеген,- деп әділетті шешім қабылдауды сұраған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|