Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі алқасының
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі алқасы құрамыңда: Ә.Т. Жүкенов, судьялар Н.К. Сингалиева және З.М. Мақашев болып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аға прокуроры Ж.Қ. Курегеновтың қатысуымен, ашық сот мәжілісінде Қызылорда облыстық сотының 17 қаңтар 2008 жылғы шығарған үкіміне қоғаушы М.С. Мадияровтың апелляциялық шағымы бойынша келіп түскен қылмыстық істі қарады. Сот үкімімен: Каржауов Бердібек Камалович, 01.01.1973 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет кеншарында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «и» тармағымен мүлкін тәркілемей 13 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 251 бабының 4 бөлігімен айыппұлсыз 1 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58 бабының 4 бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды толық қосу жолымен, түпкілікті мүлкін тәркілемей 14 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Сот үкімі бойынша Каржауов Б.К. 14 қыркүйек 2007 жылы сағат 21-ден өте суық қаруға жататын қолдан жасалған пышақты заңсыз алып жүріп, Қызылжарма елді мекенінде тұратын танысы С.Жақсылықовтың үйінің алдында өз шаруасымен отырған бейтаныс жәбірленуші У.Назаровқа себепсіз тиісіп, оның өмірлік маңызды огандары кеуде тұсынан үш жерден пышақ салып, соңғысының жүрегіне, бауырына және көк етіне өміріне қауіпті ауыр дене жарақаттарын келтіріп, қасақана өлтірген, яғни ол басқа адамға бұзақылық ниетпен құқыққа қарсы қаза келтірген, бұдан басқа жәбірленушінің 6 жерден денсаулығына жеңіл дәрежедегі жарақаттар салған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|