|
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің 2008 жылғы 15 қазандағы жедел ақпараты
Экономиканың нақты секторы. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 8202,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-қыркүйектен 3,0% көп. 2007 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,0%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде - 9,4%-ға өсті, өңдеу өнеркәсібінде 0,4%-ға азайды. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 1037,0 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 4,3% азайды. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер жүк айналымы көлемінің бағасын есепке алғанда) 272732,0 млн. ткм құрап, 2007 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,0% өсті. Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1765,8 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 3,3% артты. 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 2587,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 8,2% артық. 2008 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада 280331 заңды тұлғалар тіркелген, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50 адамға дейінгілер - 265121. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар - 192249. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар - 177987 құрайды, олардан шағын бизнес субъектілері - 129721. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|