|
Мойылды ауылы әкімінің м.а. 2008 жылғы 17 қыркүйектегі № 10 шешімімен бекітілген 3 қосымша Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жетімдерді және ата-анасының қамқорлығысыз
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт жетімдерді және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуіне құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін белгілейді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 100, 101, 102 бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасында бала құқықтары туралы» Заңының 27 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының қамқорлық және қамқорлыққа алу органдары, патронат туралы Ережелерін және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды орталықты есебін ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы» № 1346 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Мойылды ауылы, Центральная көшесі, 5, № 2 кабинет, 356530 телефоны мекен-жайы бойынша орналасқан «Мойылды ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкім аппараты) көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдау туралы анықтама беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы). 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 15 күнге дейін; 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электрондық сұранысты қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 30 минутқа дейін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|