Мойылды ауылы әкімінің м.а. 2008 жылғы 17 қыркүйектегі № 10 шешімімен бекітілген 10 қосымша Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт мал басының саны туралы мәлімет беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін белгілейді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Ауылдық территорияларда агроөнеркәсіп тораптарын дамыту мемлекеттік тәртіптеу туралы» № 66 - ІІІ Заңының, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің реестірін бекіту туралы» № 561 Қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Мойылды ауылы, Центральная көшесі, 5 мекен-жайы бойынша орналасқан «Мойылды ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкім аппараты) көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - мал басының саны туралы мәлімет. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы). 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімдері - 20 минутқа дейін; 2) мемлекеттік қызметті алу үшін кезекте тұру мерзімі - 30 минутқа дейін. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Әкім аппаратының стендінде орналастырылған. 10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мереке күндерден басқа күнделікті сағат 09.00-ден 18.00 сағатқа дейін көрсетіледі, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылмастан және жеделдетілген қызмет көрсетуде жүргізілмейді. 11. Мемлекеттік қызмет өтініштер үлгілері бар стенді, орындықтары, үстелдері бар № 2 кабинетте Әкім аппаратының ғимаратында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсыру қажет: 1) Мойылды ауылының әкімі атына өтініші; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|