|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулыға 33-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: «Тау-кен өндірістері мен жұмыстарын мемлекеттік бақылау»; «Металлургиялық коксты химиялық өндірістерді мемлекеттік бақылау»; «Көтергіш тетіктерді қазандықты қадағалау саласындағы мемлекеттік бақылау»; «Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды әзірлеуді, дайындауды, сынауды, сақтауды, пайдалануды мемлекеттік бақылау»; «Мұнай өндіретін өнеркәсіптегі, геологиялық барлаудағы және құбыр өткізгіш көліктегі мемлекеттік бақылау»; «Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау»; «Нормативтік-құқықтық актілердің мәтіндерін жазу»; «Іс жүргізуді мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу»; «Ақпараттық технологиялар - мемлекеттік басқару тиімділігінің өсу негіздері»; «Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есепке алу және бақылау»; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау»; «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы»; «Қызметтік құжаттаманы электрондық өңдеуді енгізу тетігі туралы»; «Қазіргі заманғы жағдайларда заң қызметінің жұмыс ерекшеліктері»; «Мемлекеттік қызметшінің этикеті және психологиясы»; «Мемлекеттік қызметтердің сапасын басқару»; «Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту саласындағы ұйымдастыру шараларын жетілдіру жолдары»; «Іс жүргізу және электронды құжат айналымы»; «Мемлекеттік тілді оқыту» тақырыптары бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу»; реттік нөмірі 5-жолда: «бокстары гараж-қоймаларын, аумақтарының қоршауларын, ЕШ қоймаларын жөндеу» деген сөздер алып тасталсын; «Маңғыстау облысы ТЖД жылу жүйесін ауыстыруға ЖСҚ әзірлеу» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Маңғыстау облысы ТЖД жылыту жүйесін ауыстыруға ЖСҚ әзірлеу, ТЖД аумағының қоршауын, ұзақ сақтау қоймасы аумағының қоршауын, 4 гараждық боксты және ТЖД ғимаратының жертөле үй-жайын күрделі жөндеуді жүргізуге ЖСҚ әзірлеу.»; 7-тармақта: «Тікелей нәтиженің «б) тармақшасындағы мәтін бойынша «257» деген сандар «676» деген сандармен ауыстырылсын; «Қаржылық-экономикалық нәтижеде»: 3) тармақшадағы «27,9» деген сандар «14,9» деген сандармен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «18,1» деген сандар «15,8» деген сандармен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулыға 34-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: реттік нөмірі 2-жолда: «шатыр 15-жергілікті - 2 бірлік» деген сөздер алып тасталсын; «жинағы модуль, 15*30м автокөліктер мен қоймалар үшін - 1 бірлік;» деген сөздер алып тасталсын; «, созылмалы құтқару матасы, авариялық құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейде, неопренді гидрокостюм, тау шаңғысы жинағы, газ қазандығы, үйлестіру-диспетчерлік қызмет және басқа жабдық үшін қатты дауыс байланыс жүйесі, оның ішінде желдеткіштер, тоңазытқыштар, ламинатор+брошуратор.» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 3-жолда: «коммуналдық-тұрмыстық жабдық» деген сөздерден кейін «, оның ішінде: жылыту қазандығы - 6 бірлік.» деген сөздермен толықтырылсын; «разграждения машина» деген сөздер «бульдозер» деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмірі 4-жолда: «БРОКК 90 авариялық құтқару роботы - 1 бірлік» деген сөздер алып тасталсын; «қарда жүретін машина - 2 бірлік, Камаз автомобилі - 1 бірлік, УАЗ автомобилі - 1 бірлік, авариялық құтқару аспаптары мен жабдықтары - 4 бірлік» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 9-жолда «Диспетчер» АРМ жабдығын» деген сөздерден кейін «, байланыс құралдары, телекоммуникациялық жабдық, жедел жеңіл автомобиль - 1 бірлік» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»: «шатыр 15-жергілікті - 2 бірлік» деген сөздер алып тасталсын; «жинақы модуль, 15*30м автокөліктер мен қоймалар үшін - 1 бірлік;» деген сөздер алып тасталсын; «ұялы байланыс кешені УКВ-10-бірлік» деген сөздерден кейін «, созылмалы құтқару матасы, авариялық құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейдесі, неопренді гидрокостюм, тау шаңғысы жинағы, газ қазандығы, үйлестіру-диспетчерлік қызмет және басқа жабдық үшін қатты дауыс байланыс жүйесі, оның ішінде желдеткіштер - 2 бірлік, тоңазытқыштар, ламинатор+брошуратор.» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші абзацта: «коммуналдық-тұрмыстық жабдық» деген сөздерден кейін «, оның ішінде: жылыту қазандығы - 6 бірлік.» деген сөздермен толықтырылсын; «іске асыруға машина» деген сөздер «іске асыруға бульдозер» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші абзацта: «УАЗ базасында АСА - 3 бірлік,» деген сөздерден кейін «қарда жүретін машина - 2 бірлік, Камаз автомобилі - 1 бірлік, УАЗ автомобилі - 1 бірлік, авариялық құтқару аспаптары мен жабдығы - 4 бірлік» деген сөздермен толықтырылсын; «БРОКК 90 авариялық құтқару роботы - бірлік» деген сөздер алып тасталсын; тоғызыншы абзацта «Диспетчер» АРМ жабдығын» деген сөздерден кейін «, байланыс құралдары, телекоммуникациялық жабдық, жедел жеңіл автомобиль - 1 бірлік» деген сөздермен толықтырылсын; 3) көрсетілген қаулыға 37-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолдың «Ғимараттың беткі жағын күрделі жөндеу, «Асхана шатыры», «Спорт залының шатыры» жұмыс жобасын қалпына келтіру» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Ғимараттың беткі жағын, асхананың шатырын, спорт залының шатырын күрделі жөндеуден өткізу.»; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»: бірінші абзацтағы «Ғимараттың беткі жағын күрделі жөндеу, «Асхана шатыры», «Спорт залының шатыры» жұмыс жобасын қалпына келтіру» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Ғимараттың беткі жағы, асхананың шатыры, спорт залының шатыры күрделі жөндеуден өткізілді.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |