Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығы туралы
ҚР 2010 жылғы 17 ақпандағы № 250-IV Заңымен ратификацияланды 2010 жылғы19 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер, тарихи қалыптасқан тату көршілік қарым-қатынасты ескере отырып, Тараптардың шекаралық аумақтары арасындағы тікелей шаруашылық, мәдени, гуманитарлық байланыстарды дамытуды және нығайтуды құптай отырып, Тараптардың шекаралық аумақтарындағы халықтар арасында сенім білдіру ахуалын, өзара түсіністікті және тату көршілікті қалыптастыруға, осыған мүдделі билік органдарының, іскер топтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халық топтарының өзара араласуын жеңілдетуге ұмтыла отырып, өзара тиімділік қағидатын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдердің мынадай мағынасы бар: шекаралық ынтымақтастық - шекаралық аумақтар арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға және көтермелеуге, Тараптардың заңнамасына сәйкес осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті келісімдер жасасуға бағытталған келісілген іс-қимыл; шекаралық аумақтар - Тараптардың мемлекеттік шекарасына іргелес жатқан және олардың ұлттық заңнамасына немесе олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес осындай сипатта белгіленетін Тараптардың әкімшілік-аумақтық құрылымының аумағы немесе аумағының бір бөлігі; құзыретті органдар - шекаралық ынтымақтастық саласында тиісті құзырет пен өкілеттілік берілген Тараптардың билік органдары.
Шекаралық ынтымақтастық мынадай қағидаттарға негізделеді: Тараптардың егемендігін, аумақтық тұтастығын өзара құрмет тұту; мемлекеттік шекараға қолсұғылмаушылық; Тараптардың ұлттық заңнамасын өзара құрмет тұту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|