Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Осы редакция 2008 жылғы 24 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 18-бабына, 238-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі анықталсын. 2. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (Қ.М.Әлімов) Ақтөбе облысының мәслихатына аталған Тізбені келісу үшін ұсынсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 қаулысына қосымша
Облыстық бюджет есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|