|
Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 825 қаулысымен Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Осы мемлекеттік қызмет кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсат беру тәртібін анықтайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22, 23, 24-баптары, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабы 3 тармағы, қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 114-бабы, қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалқан балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді. қызмет көрсету орны: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкімшілік үйі ғимараты, 2 қабат. 5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың өңірлік есепке қойылғаны туралы ауызша хабарлама болып табылады 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Құжаттарды қарастыру мерзімі бес жұмыс күні ішінде: 1) ұсынылған құжаттарға сараптама өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, өңірлік есепке қою рәсімдеу екі жұмыс күні ішінде рәсімделіп, одан кейін өтініш берушіге беріледі. 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|