|
Орал қалалық мәслихатының кезекті 9-шы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8, 9 баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Орал қалалық мәслихатының кезекті 9-шы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін: 1) «2007 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы есепті бекіту туралы» мәселені қарау мерзімін ауыстыру туралы. 2) Экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның есебі. 3) Орал қаласы әкімінің есебі. 4) Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының есебі. 5) Орал қаласының көшелері мен басқа да қоғамдық орындарындағы құқық тәртібі жағдайы мен оны нығайту бойынша алдын алу шаралары туралы. 6) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, қалалық ішкі істер бөлімінің белгілі тұрағы жоқ тұлғалармен жүргізілетін жұмысы туралы. 7) Қалалық білім беру бөлімінің мүмкіндіктері шектеулі балалармен жүргізілетін жұмысы туралы. 8) Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі №47-7 «Орал қаласының 2007-2009 жылдарға арналған аулалық аумақтарды абаттандыру» бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің орындалу барысы туралы. 9) Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына толықтырулар енгізу туралы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|