Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 825 қаулысымен бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Осы стандарт 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау бойынша (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды. Жәрдемақыны тағайындау отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда төленеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағына, 5, 9-баптарына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» № 1092 қаулысына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет «Ақтау қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім), Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, 18 ғимарат, 202 кабинет. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны: 1) 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны тағайындау не болмаса тағайындаудан бас тарту туралы шешімі; 2) алушылардың жеке шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлемі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын оралмандарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) өтініш берген кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 күн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|