|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1078 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 619-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесінде: «3. Өнеркәсіптік объектілер» деген бөлімде «2004 жылғы 27 ақпандағы № 239» деген сөздер «2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |