Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 1036 қаулысымен Мақұлданған
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы саясаттың негізгі қағидаттары туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері және орталық (ұлттық) банктері, ТМД-ның Үкімет басшылары кеңесінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі шешімімен бекітілген Достастыққа қатысушы мемлекеттердің валюта саласындағы ынтымақтастық және қызметін үйлестіру тұжырымдамасында айқындалған мақсаттар мен қағидаттарды ұстанатынын растай отырып, валюта саласындағы тиімді ынтымақтастық экономикалық интеграцияның қажетті құрамдас бөлігі болып табылатынын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға ықпал ететінін, ТМД-ға қатысушы әрбір мемлекеттің экономикалық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететінін мойындай отырып, ТМД шеңберінде ресурстарды тиімді бөлудің негізі болып табылатын капиталдың еркін қозғалысы үшін жағдай жасау қажеттігіне сүйене отырып, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің валюта саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық практиканы ескере отырып одан әрі үйлестіру мен бірегейлендіруге және валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы келісілген саясатты жүргізуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
I бөлім Жалпы ережелер
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер мыналарды білдіреді: валюталық заңнама - валюталық реттеу және валюталық бақылау нормалары мен қағидаттарын белгілейтін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері; үшінші елдер - ТМД-ға қатысушы мемлекет болып табылмайтын елдер; ТМД-ға қатысушы мемлекеттің резиденті - осы мемлекеттің валюталық заңнамасына сәйкес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірінің резиденті; ТМД-ға қатысушы мемлекеттің резидент емесі - үшінші елдің резиденті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|