|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 1053 қаулысымен мақұлданған Жоба
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды заңсыз дайындау мен олардың айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды заңсыз дайындау және олардың айналымы ауқымының артуына байланысты алаңдаушылық білдіре отырып, атыс қаруы, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғылар қылмыс жасау үшін жиі пайдаланылатынын атап өте отырып, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды заңсыз дайындау және олардың айналымы трансұлттық сипатқа ие болғанын және оларға қарсы күрес халықаралық қоғамдастық шеңберінде өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестіруді қажет ететінін мойындай отырып, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды заңсыз дайындау және олардың айналымына қарсы тиімді күрес жүргізудің бірлескен талпынысын ескере отырып, Тараптар қатысушысы болып табылатын осы саладағы халықаралық шарттарды, сондай-ақ ұлттық заңнаманы басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты үшін төменде санамаланған ұғымдар мынаны білдіреді: «оқ-дәрілер» - нысананы зақымдауға арналған және жарылатын, лақтырылатын, пиротехникалық немесе сындырғыш зарядтардан тұратын қару-жарақ заттары және лақтырылатын жарақ не олардың тіркесі; «жарылғыш зат» - үлкен көлемде жылу және газ тәріздес өнімдер бөле отырып, сыртқы әсерлердің ықпалынан өз бетінше жылдам таралуға қабілетті химиялық құбылысқа (жарылысқа) конденсациялаған химиялық зат немесе заттардың қоспасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|