|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңға түсініктемені қара
1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-бапта: «Халық қаһарманы» деген сөздерден кейін «, «Қазақстанның Еңбек Ері» деген сөздермен толықтырылсын; «атағы» деген сөз «атақтары» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 3-баптың екінші бөлігі «Халық қаһарманы» деген сөздерден кейін «, «Қазақстанның Еңбек Ері» деген сөздермен толықтырылсын; 3) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын: «10-1-бап. «Қазақстанның Еңбек Ері атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 1-і. № 93-ІV ҚРЗ.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |