|
Жоба Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы
Конвенцияның жобасы мақұлдануы туралы ҚР Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қарашадағы № 1035 Қаулысымен енгізілді
2008 жылғы 14 қарашада Конвенцияға қол қойылды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер, оның заңнамасы мен халықаралық міндеттемелерде реттелгендей мөлшерде қабылдаушы Тараптың еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелеріне және азаматтарына қатысты тең қарай білуді қамтамасыз ету үшін жағдай туғызуға ұмтыла отырып, Тараптар аумағында өздерінің ұлттық мүддесіне негізделген, жұмыс күшінің жүріп тұруына қолайлы жағдай туғызу қажеттігін мойындай отырып, көші-қон ағынын тиімді реттеу, олардың көлемінің, бағыттары мен құрамының Тараптардың әлеуметтік-экономикалық даму мүдделеріне сәйкестігіне қол жеткізу мақсатында, әртүрлі халықтардың өкілдері арасындағы өзара түсіністік, төзімділік, құрмет қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын дамыту мүдделерін, 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпы декларациясын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының адам құқықтары мен еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарын ұстануына орай, мыналар туралы келісті:
I бөлім Қолданылу аясы және анықтамалар 1-бап
Осы Конвенцияның мақсаты үшін төменде келтірілген терминдердің мынадай мағыналары бар: еңбекші-мигрант - Тараптардың бірінің азаматы болып табылатын, сондай-ақ Тараптардың бірінің аумағында тұрақты тұратын және өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа Тараптың аумағында заңды түрде тұратын және заңды негізде ақысы төленетін еңбек қызметімен айналысатын азаматтығы жоқ адам; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|