Құрметті тұтынушылар!
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2009 ж. 1 қаңтардан бастап ұсыныстар мен ескертулер енгізілген Жария шарты қолданысқа енгені туралы сіздерге мәлімдейді.
Тұрмыстық Абоненттерді электрмен жабдықтау туралы жария шарт
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - энергиямен жабдықтаушы ұйым, бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталады, бір жағынан және Абонент - электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын жеке тұлға және үй құрылысының, пәтердің иесі немесе жалға алушысы атынан, екінші жағынан, бірге «Тараптар» деп аталады, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
1.1. Жеткізуші Абонентке электр энергиясын (бұдан әрі - «Тауар») сату нүктесіне (сату нүктесі Энергия беруші ұйымның пайдалану жауапкершілігінің шегінде орналасқан) дейін жеткізіп беруге міндетті; ал Абонент Тауарды қабылдауға және төлеуге, сондай-ақ оның осы Шартта көзделген пайдалану тәртібін бұзбауға, Абонентке тиесілі электр желілері мен қондырғылардың пайдалану қауіпсіздігін, Тауарды осы Шартта көрсетілген (бұдан әрі - Шарт) жағдайларда пайдалануға байланысты қолданылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндетті. 1.2. Электр энергиясын сату нүктесінен : Абоненттің электр қондырғысына дейін жеткізіп беру бойынша құқықтық қатынастар осы Шәрттың мәні болып табылмайды және Абоненттің өз еркімен реттеледі.
2. Жалпы ережелер
2.1. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын Абонент 3 санаттағы тұтынушы болып табылады. 2.2. Осы Шартты орындау барысында Тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңын, Коммуналды қызметтерді ұсыну ережелерін және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілерін басшылыққа алады. 3. Шартты жасасу және бұзу шарттары
3.1.Электрмен жабдықтау туралы Шарт Абонент пен оның заңнамалық тәртіпте белгіленген және міндетті түрде тұтынылатын электр энергиясының есепке алу аспаптары бар Энергия беретін ұйымның желілеріне қосылған электр қондырғылары болған жағдайда жасалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|