Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: 1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, судротифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесінде: ескертудің екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде тауарлардың импорты жағдайында жарғы мен әкелінетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің орнына кеден органдарына тапсырысшы мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт ұсынылады"; 2) "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 4, 24-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде: 5-тармақтың екінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде әкелінетін тауарлардан басқа, оларды мақсатты пайдалану туралы растау талап етілетін, тізбеде көрсетілген тауарларды әкелу жағдайында осы тауарларды әкелетін тұлғаның қызметі көрсетілетін жарғы және осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған міндеттеме ұсынылады. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде көрсетілген тауарлар әкелінген кезде жарғы мен міндеттеменің орнына тапсырысшы мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт ұсынылады". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
|