Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесінде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және қалалары мен елді мекендерінің көшелері бойынша мынадай автокөлік құралдарының: автобустардың; жүк автомобильдерінің (рұқсат етілген жалпы салмағы тіркемені қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етілген пайдалы жүктеме тіркемені қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам); мамандандырылған автомобильдердің (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған); арнайы автомобильдердің (әр түрлі, басым көпшілігі көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған) жүріп өту тәртібін белгілейді."; 7-тармақ "аумағына кіруін" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көліктік бақылау бекеттерінде берілетін" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақ "Шетелдік тасымалдаушы" деген сөздердің алдынан "Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: "12-1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|