|
Бір жолғы талондарға қатысты кейбір мәселелер туралы
ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 19 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі)» қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мына нысандар: 1) бір күнге арналған бір жолғы талон осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) бір жолғы талон осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) бір жолғы талондарды есепке алу (беру) журналы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) кәсіпкерлік қызметі жылына тоқсан күннен асқан жеке тұлғалар бойынша мәліметтер осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес; 5) қолданылған және бүлдірілген бланктер туралы мәліметтер осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес; 6) бір жолғы талондардың қалдықтары туралы мәліметтер осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес; 7) бір жолғы талондарды беруден бюджетке есептелген сомалар туралы мәліметтер осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес; 8) жеке тұлғалардың бір жолғы талондарды алатын отыз күннің өту күні туралы мәліметтер осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органның біржолғы талондарын беруге белгілеген органы бір жолғы талондар беруден қабылдаған сомаларды олар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар банклерге немесе ұйымдарға ақша қабылдау жүргізген келесі операциалық күнінен кешіктірмей бюджетке есептеу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күнделікті түсуі 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда, онда тапсыру үш операциалық күнінде бір рет тапсырылады. 3. Кейбір бұйрықтар осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жойылған деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|