|
Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығы (2024.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.20.03. № 105 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014.03.10. № 3-3/503 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.20.03. № 105 бұйрығымен (2023 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. «Асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 614 бұйрығының (Мемлекеттік тізілімде 2004 жылғы 16 қарашада 3206 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 9 қарашада № 143 «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014.03.10. № 3-3/503 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.20.03. № 105 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (2023 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|