Қарағанды облысының әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі № 18/10 Қаулысымен күші жойылды Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 32/08 қаулысымен БЕКІТІЛДІ
«Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау»
1. Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау - жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша ұсынылатын және ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына ұсынылатын ақшалай түрдегі төлем. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Ауылдық аймақтар мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 5 тармағының және жергілікті уәкілетті органдары шешімдерінің негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде (бұдан әрі - Бөлімдер) көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша Бөлім жоқ болған жағдайда тұтынушы ауылдық (селолық) округтың, кенттің (ауылдың) әкіміне өтініш білдіреді. Ауылдық (селолық) округтың, кент (ауыл) әкімдерінің байланыс деректері және олардың мекен-жайлары осы стандарттың 2 қосымшасында көрсетілген. 5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі жөнінде тұтынушы әлеуметтік көмектің тағайындалғаны немесе бас тартылғаны туралы құлақтандыру алады. 6. Мемлекеттік қызмет Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|