|
Атырау облысының 1992 жылы туған азаматтарын 2009 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы» Заңының 29 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 «Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібінің Ережесін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алып ШЕШЕМІН: 1. Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі департамент) (келісім бойынша) 2009 жылғы қаңтар-наурыз тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарын Атырау қаласы мен аудандардың шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырып, жүргізу ұсынылсын. 2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері: 1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссияларын құрсын; 2) Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма) және Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерінің (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдер) жоспарларына сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|