Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық саясатын бекіту туралы
Халықаралық ИСО 14001 стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жұмысына енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық саясаты бекітілсін. 2. Әкімшілік-қаржылық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты Министрліктің және Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің, аумақтық басқармалардың, бағынысты ұйымдардың барлық қызметкерлерінің назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр З. Сәрсембаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қоршаған ортаны қорғау министрінің 9 қарашадағы 2006 жылғы № 335-п бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық саясаты
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында айтылғандай, Қазақстан Республикасы жаңа тарихи белеске өтіп отыр. Экономикалык, әлеуметтік және экологиялық үрдістердің бірқалыптылығына - тұрақты даму кезеңіне көшу - қойылған мақсаттардың қозғаушы күші іспеттес болып отыр. Қазақстанның табиғаты - ата-бабамыздан жеткен мұра. Еліміздің табиғи байлығын сақтау үшін, мемлекетімізді мекендеген тұрғындарымыздың денсаулығын жақсартып, әл-ауқатын көтеру үшін, табиғатты қорғау жұмыстарының тиімділігін арттырып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметіне халықаралық стандарттарды ендіруіміз қажет. Осы мақсатта Министрліктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері ұстанатын осы Экологиялық саясат қабылданып отыр. Саясат келесі негізгі міндеттемелерді көздеп отыр: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|