Қазақстан Республикасындағы акушерлік практикадағы ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудитті енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 74 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасында ана өлім-жітімі жағдайларының құпия аудиті енгізілсін. 2. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудиті бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы және Астана қалалары пилоттық өңірлер болып белгіленсін. 3. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудитті жүргізу бойынша нұсқаулық; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы мен Астана қалаларында акушерлік практикада қиын жағдайларға құпия аудитті жүргізу бойынша нұсқаулық бекітілсін. 4. «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ басшысы (С.Ғ. Нүкішева): 1) акушерлік практикадағы ана өлім-жітіміне және қиын жағдайларға құпия аудит бойынша медицина мамандарын оқытуды жүргізу жоспарын әзіреп, 2008 жылғы 5 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігіне ұсынсын; 2) республикада пилоттық өңірлерде акушерлік практикада ана өлім-жітіміне және қиын жағдайларға құпия аудитті енгізуді қамтамасыз етсін және жүргізілуін бақылауды жүзеге асырсын. 5. «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК басшысы (Т.Қ. Құдайбергенов) республикадағы ана өлім-жітімі жағдайларына ресми талдау жүргізсін және нәтижелерін ай сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|