Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің
Шот-фактуралардың ресімделуіне қатысты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) есептелуі мен төленуі мақсатында шот-фактуралардың ресімделуіне қатысты мынаны хабарлайды. 1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасы Кодексінің 228-бабына сәйкес мыналар, соның ішінде: Қазақстан Республикасында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар: дара кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент - заңды тұлғалар; қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар КҚС төлеушілер болып табылады. Осылайша, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС дербес төлеушілері болып саналмайды. 2. Салық кодексінің 263-бабы 5-тармағына сәйкес, Салық кодексінің 256-бабына сәйкес ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада: тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не толық атауы, мекенжайы, сондай-ақ Салық кодекстің 263 бабының 18-тармағында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі; тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының сәйкестендіру нөмірі; өнім берушінің ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірі көрсетілуге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|