Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 532 Бұйрығымен күші жойылды
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын іске асыру және Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмекті ұйымдастыруды одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже бекітілсін. 2. Облыстардың және Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті (Исмаилов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін. 6. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 702 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже
Осы Ереже «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін анықтайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|