|
«Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11 бабы 1 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 326 нөмірмен тіркелген, 2001 жылғы 2 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5/79-IV «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1976 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 17 сәуірде № 58 «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған шешімімен өзгеріс енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы: «Арыс қаласы бойынша» бөлімі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы: «Арыс қаласы үшін» бөлімі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; «Түркістан қаласы үшін» орыс тіліндегі бөлімінің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі тақырып өзгертілмейді. 2.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|