Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты
Осы редакция 2008 жылғы 22 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жылу және электр қуатын тұрмыстық мақсаттарда тұтынғаны үшін берешектерді өндіру туралы заңдардың нормаларын сот тәжірибесінде қолдану мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - АК) сәйкес, қуатпен қамтамасыз ету шарты көпшілікке әйгілі жария шарт болып табылады. Қуатпен қамсыздандырушы ұйым мен абонент арасында энергиямен жабдықтау жеке шарты жасалуы мүмкін, осы шарттың талаптары жария шарттың талаптарына сәйкес болуы керек. 2. Тұтынушы пайдаланылған қуаты үшін өз уақытында ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда қуатпен қамтамасыз етуші ұйым қарызды өндіруді және заңды айып төлеуді талап етуге құқылы (АК-нің 295-бабының 1-тармағы). 3. Ауыртпалық деп «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күші бар Жарлығының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды шектеуді, соның iшiнде оған үшiншi тұлғалардың белгiлi бiр құқықтарының болуын, мүлiкке тыйым салынуды - мүлік ауыртпалықтары деп түсінген жөн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|