«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» (2008.29.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 14 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығын, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. 2008 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдаудың және конкурсты өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008.29.07 № 455 Бұйрығымен 1) тармақша өзгертілді (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1) құжаттарды қабылдау - 2008 жылғы 23 маусымнан бастап 29 тамызға дейін: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесінің 2-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін 2008 жылғы 23 маусымнан бастап 30 қыркүйекке дейін; 2) конкурсты өткізу - 2008 жылғы 12 шілдеден бастап 26 желтоқсанға дейін. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқыту үшін мәндес мамандықтар тізбесі; 2) «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқуы мен ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтарының және зертханаларының тізімі; 3) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесі; 4) Оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына қатысуға арналған үміткерлер сауалнамасының үлгілік нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|