«Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын» бекіту туралы Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы № 148/7 шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» № 553 қаулысына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. «Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы» (бұдан әрі - Қағида) қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. ІІ сайланған Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын» бекіту туралы» № 62/32 (2003 жылғы 15 тамыздағы № 1999 МТН) шешімінің күші жойылды деп саналсын. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына және тексеру комиссиясына жүктелсін. 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|