|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қазандағы № 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 426-құжат); 2) «Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 528-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1078 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 504-құжат). 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |