Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 494 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 242-бабы 1-тармағы 3)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарына, «Қазақстан Республикасының наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына, «Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» Қостанай қалалық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 26 (2008 жылғы 25 желтоқсандағы тіркеу нөмірі 9-1-114, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 102 «Қостанай» газеті) шешіміне сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер» және «Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламаларын іске асыру мақсатында, жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері бекітілсін: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждыққа тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз пайыз көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек; 2) үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек-балаларға оқу жылы мерзіміне тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|