|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2008 жылғы 31 желтоқсан)
Қабылданды - ҚР 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 224-ІV Заңын қара
1-бап. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 жылғы 26 шілдеде жарияланған «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 19-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: »12-1) осы Кодексте белгіленген құзыретінің шегінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;»; 2) 306-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: »5. Әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендік құнын кеден органдары осы Кодекске сәйкес айқындайды.»; 3) 310-бапта: 5-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: »2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауарлармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін тоқсан күнтізбелік күннен бұрын емес әкелінсе;»; 6-тармақта «өзге мөлшерде және» деген сөздер «өзге мөлшерде және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 311-бапта: 4-2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: »2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауарлармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін тоқсан күнтізбелік күннен бұрын емес әкелінсе;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|