Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 335 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызметі көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну, оларды протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету тәртібін анықтайды. 2. Көрсетілетін қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» № 754 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдары халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы көрсетеді. 5. Протездік-ортопедиялық көмек ұсынуға жолдама беру мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет келесі жеке тұлғаларға көрсетіледі: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге; 3) ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарға; 4) жалпы аурудан мүгедек болғандарға; 5) бала жасынан мүгедектерге; 6) мүгедек балаларға. 7) заңды тұлға жойылғанда немесе жеке кәсіпкер - жұмыс беруші қызметін тоқтатқан жағдайда еңбек жарақатынан (кәсіби науқастан) болған мүгедектерге көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде көрсетіледі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|