Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 335 бұйрығына 14-қосымша ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Зейнетақы қорларына, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік қызмет зейнетақы қорларына, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру тәртібін анықтайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысының негізінде жүзеге асырылады 4. Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдары халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны зейнетақы жинағын алуға рұқсат беру анықтамасын, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға тиесілі мүлікпен әрекеттерді жүзеге асыруға арналған келісу анықтамасын беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Құжаттарды қарастыру мерзімі он бес жұмыс күні ішінде: 1) ұсынылған құжаттарға сараптама өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі, зейнетақы қорларына, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне анықтама бес жұмыс күнінің ішінде рәсімделіп, одан кейін өтініш берушіге беріледі. 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минутқа дейін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|