2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2009 жылғы 6 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін: 1) кірістер 62 991 710 мың теңге; оның ішінде: салықтық түсімдері бойынша 23 311 233 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша 333 037 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша 39 374 440 мың теңге; 2) шығындар 61 749 500,6 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру 230 209,4 мың теңге; оның ішінде: бюджеттік кредиттер 1 488 000 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 1 257 790,6 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 250 000 мың теңге; оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу 250 000 мың теңге; 5) бюджет профициті 762 000 мың теңге; 6) бюджет профицитін пайдалану - 762 000 мың теңге; 2. 2009 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін: 1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына 20 пайыз, Мұғалжарға 54 пайыз, Хромтауға 51 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан; 2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласына 20 пайыз, Мұғалжарға 54 пайыз, Хромтауға 51 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан; 3) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша, қызметін бір жолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласы және аудандар бюджеттеріне толығымен есептеледі. 3. Облыстық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін: қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|