Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 78 және 2007 жылғы
Осы редакция 2009 жылғы 18 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 78 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 37-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында: реттік нөмірлері 39 және 40-жолдар алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 79 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 38-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 14-1 және 14-2-жолдармен толықтырылсын:
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|