|
|
|
«Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 259 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 259 қаулысымен бекітілген
«Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді. 2. Техникалық регламенттің талаптары мынадай газбен жабдықтау жүйелеріне: 1) кент аралықтарды қоса алғанда, елді мекендердің сыртқы газ құбырларына; 2) газбен жабдықтау жүйелерінің сыртқы (алаңішілік) газ құбырларына және газ жабдығына (техникалық құрылғылар); 3) редуцирлеу және компримирлеу, тазарту, құрғату, жылыту блоктарын және сығу компрессорлық станцияларын қоса алғанда, жылу электр станцияларын газбен жабдықтау жүйелерінің сыртқы газ құбырлары мен газ жабдығына (техникалық құрылғылар), оның ішінде газ турбиналық және бу-газ қондырғыларына, газды дайындау пункттеріне 1,6 МПа-дан астам газ қысымы бар газ құбырларына; 4) газ реттеуіш пункттерге, газды реттеуіш блокты және шкафты газды реттеуіш пункттерге; 5) газ құбырлардағы ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады. 3. Осы Техникалық регламенттің әрекетімен қамтылатын өнімнің түрлері және Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктеуіші бойынша олардың кодтары (бұдан әрі - СЭҚ ТН) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген. 4. Техникалық реттеу объектілері болып оларға қатысты белгіленетін осы Техникалық регламенттің қойылатын талаптары мыналар болып табылады: 1) 1-санатты жоғары қысымды газ құбырлары (0,6-дан астам 1,2 дейінгі МПа-ны қоса алғанда); 2) 2-санатты жоғары қысымды газ құбырлары (0,3-тен астам 0,6 дейінгі МПа); 3) орташа қысымды газ құбырлары (0,005-тен астам 0,3 дейінгі МПа); 4) төмен қысымды газ құбырлары - 0,005-ке дейінгі МПа-ны қоса алғанда. 5. Техникалық реттеу объектілерін бірдейлендіру осы Техникалық регламентке 2-қосымшада берілген. 1) автомобильді, газ толтырғыш, компрессорлық станцияларға; 2) металлургиялық өндірістердің технологиялық (алаңішілік) газ құбырлары мен газ жабдықтарына; 3) магистралды газ құбырлары мен 1,2 МПа-дан жоғары газ қысымы бар газ құбырларына-бұрғыштарына; 4) шикізат ретінде табиғи газды пайдаланатын химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өндіретін, мұнайды қайта өңдейтін және газды қайта өңдейтін өндірістердің технологиялық (алаңішілік) газ құбырлары мен газ жабдығына; 5) газ өндіретін өндірістердің технологиялық (алаңішілік) газ құбырларына және газ жабдығына; 6) сұйылтылған көмірсутекті газдарды (пропан-бутан) сақтау, тасымалдау және пайдалану объектілеріне; 7) газ пайдаланатын жылжымалы қондырғыларға, сондай-ақ автомобильді, темір жол көлігінің, ұшу аппараттарының, өзен және теңіз кемелерінің газ жабдығына; 8) әскери мақсаттағы арнайы газ және газ пайдаланатын қондырғыларға; 9) эксперименталды газ құбырлары мен газ жабдығының тәжірибелік үлгілеріне; 10) газ-ауа қоспаларының жарылыс энергиясын пайдаланатын немесе қорғау газдарын алуға арналған қондырғыларға; 11) тамақ дайындау немесе зертханалық мақсаттар үшін газды пайдаланатын өндірістік, әкімшілік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттардың ішкі газ құбырлары мен газ жабдықтарына; 12) орнатылған жабдықтың жиынтық жылу қуаты кемінде 100 кВт болған кездегі өндірістік мақсаттар және (немесе) қызметтер көрсету үшін жылу энергиясын шығарусыз әкімшілік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттардың дербес жылыту мен ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне қолданылмайды.
7. Осы Техникалық регламентте «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай терминдер қолданылады: 1) алаңішілік газ құбыры - кәсіпорынның өндірістік аумағы ішінде тұрған өнеркәсіптік тұтынушыға газ беруді қамтамасыз ететін таратқыш газ құбырының учаскесі; 2) таратқыш газ құбыры - газбен жабдықтау көзінен газ құбыры-енгізгіштерге дейін газды тұтынушыларға газ беруді қамтамасыз ететін газ тарату торабының газ құбыры; 3) газбен жабдықтау жүйесі - газ құбырлары, газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуар қондырғылары, газ баллонды қондырғылар, газ құбырларымен жұмыс істейтін құрылыстар, электр-химиялық тот басудан қорғау құралдары, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, қазандықтардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары ғимараттарының, қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің газ жабдығы; 4) енгізбе газ құбыры - ғимарат қабырғасы арқылы футлярға салынған газ құбырын қоса алғанда, ғимаратқа енгізбеде сырттан орнатылған ажырату құрылғысынан бастап (ол ғимарат сыртында орнатылған кезде) ішкі газ құбырына дейінгі газ құбыры учаскесі; 5) газ тарату тораптары - газды қабылдау (беру) пунктінен бастап тұтынушыға дейін газды беруді қамтамасыз ететін қалалық, кент аралық, кенттік, ауылдық, көшелік, аула газ құбырлары; 6) газ құбыры - енгізбе-тарату газ құбырына қосылған жерден бастап ғимаратқа енгізбедегі ажырату құрылғысына дейінгі немесе ғимаратқа енгізу кезінде жерастымен жүргізілген футляр алдындағы газ құбыры; 7) газды пайдалану қондырғылары - отын ретінде газды пайдаланатын қазандықтар, өндірістік пештер мен басқа да құрылғылар; 8) газ реттеуіш пункті - газ қысымын төмендетуге және газ тарату тораптарында оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналған технологиялық құрылғы; 9) газ реттеуіш блокты пункті - газ қысымын төмендету үшін және газ тарату тораптарында оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналған тасымалдауға жарамды блокпен орындалған толық зауыттық дайындықтағы технологиялық құрылғы; 10) газды тасымалдау - газ тасымалдау жүйесімен газды қабылдау, өткізу және беру; 11) газбен жабдықтау жүйелерін консервациялау - консервациялаудан алу кезінде одан әрі пайдалану үшін оның жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, газ құбырын пайдалануды уақытша тоқтату; 12) газбен жабдықтау жүйелерін жою - газ құбыры жүйелерін пайдалануды тоқтату, оларды бөлшектеу және табиғи ортаны қалпына келтіру; 13) газ тарату станциясы - қысымның төмендеуін қамтамасыз ететін магистралды газ құбырының бұрғыш газ құбырында монтаждалатын құрылыс; 14) газ тарату ұйымы - меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде олардағы қолда бар газ тарату тораптарын, құрылыстарды дамытумен және пайдаланумен айналысатын, қызметтің осы түрі бойынша қолда бар лицензия негізінде бұл тораптар арқылы газды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін ұйым; 15) газды тасымалдау ұйымы - меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде оларда магистралды газ құбырлары мен бұрғыш газ құбырлары, құрылыстары бар, қызметтің осы түрі бойынша қолда бар лицензия негізінде бұл лицензия арқылы газды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін ұйым; 16) жерасты газ құбыры - жер бетінің деңгейінен төмен жерге салынған, сондай-ақ жер беті бойынша үйіндідегі (үймедегі) сыртқы газ құбыры; 17) Жер үстіндегі газ құбыры - тіректерде, эстакадаларда немесе ғимараттар мен құрылыс конструкциялары бойынша, сондай-ақ жер бетімен топырақ үймесіз жер бетінде салынған сыртқы газ құбыры; 18) қосылыс деталдары (фитингтер) - газ құбырының бағытын өзгертуге, тармақтарды жалғастыруға, учаскелерді қосуға арналған газ құбырының элементтері; 19) кент аралық газ құбыры - кент аумағынан тыс салынған газ тарату құбыры; 20) сыртқы газ құбыры - енгізбе газ құбыры алдындағы ажырату құрылғысына немесе ғимаратқа енгізу кезінде жерастымен жүргізілген футлярға дейінгі ғимараттардан тыс салынған жерасты және жер үсті газ құрылғы; 21) шкафты газ реттеуіш пункті - газ қысымын төмендетуге және газ тарату тораптарда оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналған шкаф түріндегі технологиялық құрылғы; 22) ішкі газ құбыры - газ құбыры-енгізбеден (ажырату құрылғысы ғимарат ішінде орнатылған кезде) бастап немесе енгізбе газ құбырынан бастап ғимарат ішінде орналасқан газ пайдаланатын жабдықты қосу орнына дейінгі газ құбырының учаскесі.
3. Газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануға рұқсат беру
8. Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануға рұқсат беру «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңдарына сәйкес жүргізіледі. 9. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері үшін материалдарды, техникалық құрылғыларды жеткізу кезінде оларды мемлекет пен дайындаушының атауын, рұқсат берілетін пайдалану мерзімін, қолдану шарттарын көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратпен қамтамасыз ету көзделеді.
4. Жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
10. Газбен жабдықтау жүйелерін жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техногендік төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар көзделеді. 11. Ерекше жағдайлары бар аумақтарда орналасқан газбен жабдықтау жүйелерін жобалау жергілікті жер бедерімен, топырақтың геологиялық құрылымымен, гидрогеологиялық режиммен, аумақты дайындаумен, климаттық және сейсмикалық жағдайлармен, сондай-ақ басқа да әсерлермен және олардың уақыт ішінде өзгеру мүмкіндігімен байланысты олардың газ құбырына әсер етуінің болуы және маңызын ескере отырып, жүзеге асырылады. 12. Қабылданған жобалық шешімдермен үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықтау әрі газды тұтынушыларды жедел ажырату мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. 13. Газбен жабдықтау жүйелері үшін жобалық құжаттама даму перспективасында газ тұтыну теңгерімінің есебін және оларды жүргізу инженерлік іздестіру бағдарламасында белгіленген инженерлік іздестіру нәтижелерін, түрлерін, құрамын, көлемі мен әдістерін ескере отырып, газ құбырларының гидравликалық есебін қамтитын әзірленген схема негізінде орындалады. 14. Жобалау апаттар қауіпі мен тәуекел деңгейін талдау нәтижелерін, олармен байланысты төтенше жағдайларды және адамдарға, газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, консервациялау және жою кезінде материалдық объектілер мен қоршаған ортаға өзге де қолайсыз әсер етулерді ескере отырып, жүзеге асырылады. 15. Газбен жабдықтау жүйелерін пайдаланудың қатерін талдау кезінде, жобалық құжаттамада олардың негізінде бұл апаттардың салдарын төмендету және апаттардың өршу мүмкіндігін барынша азайту үшін шаралар көзделетін апаттардың ықтимал сценарийлері мен штаттан тыс жағдайлар көзделеді. 1) мүмкіндігінше газбен тұтынушыларды жедел ажырату бойынша; 2) апаттарды жою үшін жағдайлар жасау бойынша; 3) газды тасымалдау үдерістеріне бөгде тұлғалардың заңсыз араласу мүмкіндігін болдырмау бойынша; 4) газбен жабдықтау жүйелерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және техникалық шешімдер көзделеді. 17. Газ құбырларын жобалау кезінде беріктілік пен орнықтылыққа арналған есеп орындалады, оның мақсаты газ құбырларында рұқсат етілмейтін кернеу мен деформациялардың пайда болу мүмкіндігін болдырмау болып табылады. Газ құбырлардың беріктілік пен орнықтылыққа арналған есебі газ құбырлардың түтіктері қабырғаларының және қосу деталдарының қалыңдығын, тіректер немесе кронштейндер арасындағы арақашықтықты айқындайды және жұмыс істеп тұрған газ құбырларына түсетін жүктеме шамасын, уақытын және бағытын ескере отырып, жүргізіледі, оларға мыналар жатады: 1) құбырлар мен оқшаулағышы бар қосылыс деталдарының, құбыр арматурасының меншікті салмағы; 2) газдың салмағы; 3) табиғи сипаттағы жүктемелер (сейсмикалық, топырақ әсерлері, температуралық ауытқулар, жел және қар жүктемелері); 4) техногендік сипаттағы жүктемелер (аумақты дайындау т.б.); 5) топырақтың ерекше жағдайлары ескерілген жүктемелер (отырма, ісінді, ұйықтопырақ және т.б.). 18. Жобалық құжаттамада газ құбырларын пайдалану үдерісінде тұтастылық пен тұмшаланудың бұзылуына әкелуі мүмкін газ құбырларын тот басуға қарсы қорғау жөнінде және деформациялардың алдын алу жөнінде іс-шаралар көзделеді. 19. Қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін газ құбырлары тиек және реттегіш арматурамен, сақтандырғыш құрылғылармен, қорғау, автоматтандыру, блоктау және өлшеу құралдарымен жабдықталады. 20. Құбыр арматурасының саны, орнату орны мен түрі газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді, оларға қызмет көрсету мен жөндеу қолайлылығын ескере отырып, жобалау сатысында айқындалады. 21. Газ құбырларында құбыр арматурасының тұмшалануы В сыныбынан пайдаланатын қондырғы шілтерлері алдында - А сыныбынан төмен емес сынып таңдалады. 22. Газбен жабдықтау жүйелерін салуға арналған (кеңейту, қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалық құжаттамаларында осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін құбырлар мен қосылыс деталдары, материалдар, техникалық құрылғылар, технологиялық құрылғылар мен жабдықтар қолданылады. 23. Техникалық құрылғыларды, материалдарды, құбырлар мен қосылыс деталдары, қорғау жабындыларын, газ құбырларын төсеу түрлерін таңдау газдың температурасы мен қысым шамасын, гидрогеологиялық деректерді, табиғи жағдайларды, техногендік әсерлерді ескере отырып, жүзеге асырылады. 24. Полиэтиленді газ құбырларын салу үшін газды тасымалдауға арналған арнайы мақсаттағы құбырлар қолданылады. 25. Газ құбырларын төсеу түрлері мен тәсілдері, газ құбырларынан бастап жанама инженерлік коммуникацияларға, ғимараттарға, құрылыстарға, табиғи және жасанды бөгеттерге дейін көлденеңі және тігі бойынша арақашықтығы, газды қауіпсіз тасымалдау қамтамасыз етілетіндей түрде (газ құбырындағы қысымды, құрылыс тығыздығын, қауіпті өндірістік объектінің жауаптылығын ескере отырып) көзделеді. 26. Сыртқы газ құбырлары мен көпірлер арасындағы көлденеңі бойынша арақашықтық осы Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес қабылданады. 27. Газ тарату тораптарының жобалық құжаттамасында сыртқы газ құбырларының жерасты төсемі басымдылықпен көзделуі керек, Жер үсті төсемінің негіздемесі болуы тиіс. 28. Газ құбырларының жерасты төсемі кезінде төсем, беріктік қоры мен тасымалданатын газ түрі шарттары бойынша бұл құбырларды қолдануға болмайтын жағдайларды қоспағанда, полимерлік материалдан жасалған құбырларды көздеуі қажет. 29. Газ құбырларын тоннельдерде, коллекторлар мен арналарда төсеуге рұқсат берілмейді. Бұған автомобиль және темір жолдар астына төселетін болат газ құбырлары жатпайды. 30. Газ құбырларының жерасты төсеуші газ құбырының немесе футлярдың жоғарысына дейін кемінде 0,8 м тереңдікте жүзеге асыру керек. Көлік және ауыл шаруашылығы машиналарының қозғалысы көзделмеген жерлерде болат газ құбырларын төсеу кемінде 0,6 м тереңдікте жүзеге асырылады. 31. Дірілді жүктемесі бар немесе сейсмикалық аудандарда орналасқан жер үсті газ құбырлары үшін олардың орын ауыстыруын қамтамасыз ететін және тіректерден газ құбырларының лақтырылып тасталуын болдырмайтын бекітуді көздеу керек. 32. Жер үсті газ құбырларын жанбайтын материалдардан жасалған тіректерде, эстакадаларда, өтпе жолдарда төсеу керек. 33. Жер үсті газ құбырлары жоғары вольтты электр тарату желілерімен қиылысу кезінде электр сымдарының олар үзілген жағдайда газ құбырларына құлауын болдырмайтын қорғау құрылғыларымен жабдықталады. 34. Жерасты болат газ құбырларын жобалауға арналған техникалық тапсырмада оны электрлі химиялық тот басудан қорғау жөніндегі бөлім қосылады. 35. Бөгеттер арқылы өтпелі жолдарда қиылысатын құрылыстың сақталуын қамтамасыз ететін орсыз төсеу тәсілдерін қолдану қажет. 36. Автомобиль жолдары, трамвай мен темір жолдар астындағы газ құбырын (футлярын) төсеу тереңдігі кемінде мынадай болуы тиіс: 1) жұмысты ашық тәсілмен жүргізген кезде - 1 м; 2) жұмысты басу немесе еңкейтіп-бұрып бұрғылау және қалқанды өткізу әдісімен жүргізген кезде - 1,5 м; 3) жұмысты тесу әдісімен жүргізген кезде - 2,5 м. 37. Су асты өтпе жолдардағы газ құбырлары қиылысатын су бөгеттерінің түбіне тереңдетіліп төселеді. Қалқып шығу есептерінің нәтижелері бойынша қажет болғанда газ құбырының балласт жасауы көзделеді. 38. Газ құбырлары су бөгеттерімен қиылысқан кезде: 1) жерасты төсеу тәсілі кезінде - орлардың шайылып кетуін болдырмау бойынша іс-шара; 2) жерасты төсемі үшін - мүжілу құбылыстарына ұшырайтын учаскелерден тыс газ құбырларының тіректерін орналастыру көзделеді. 1) жерге кіретін және одан шығатын жерлерде; 2) жерасты коммуникациялық коллекторларымен және әртүрлі мақсаттағы арналармен қиылысатын жерлерде; 3) газ құдықтарының қабырғасы арқылы өтетін жерлерде; 4) І-IV санаттағы автомобиль жолдары, темір жолдар мен трамвай жолдары астындағы өтетін жерлерде; 5) ғимарат қабырғасы арқылы енгізілетін газ құбырларының өтетін жерлерінде; 6) жерасты полиэтилен-болат алынбалы қосылыстарында; 7) полиэтилен газ құбырлары мұнай құбырларымен қиылысқан кезде футляр ішінде төсеу қажет. 40. Футлярлық бір ұшында, еңістің жоғарғы нүктесінде (құдықтар қабырғаларының қиылысу жерлерін және жерге кіретін және шығатын жерлерді қоспағанда) қорғау құрылғысына шығатын және газдың шығуын айқындауға арналған бақылау түтігін орнату көзделеді. 41. Жүргіншілер мен автомобиль көпірлері бойынша жанбайтын материалдардан салынған жіксіз немесе физикалық әдістермен зауыттық дәнекерлеу қосылыстардың бақылаудан 100 % өткен электрлі дәнекерленген құбырларынан жасалған 0,6 МПа-ға дейін қысыммен газ құбырларын төсеуге рұқсат етіледі. Жүргіншілер мен автомобиль көпірлері бойынша жанатын материалдан салынған газ құбырларын төсеуге рұқсат етілмейді. 42. Барлық санаттардағы газ құбырларын: 1) балалар мекемелері, ауруханалар, мектептер, санаторийлер ғимараттарының; 2) адамдар көп келетін (50 адамнан астам) әкімшілік және тұрмыстық ғимараттардың қабырғалары бойынша және жабындарының үстіне транзиттік төсеуге рұқсат етілмейді. 43. Сыртқы газ құбырларында бекіткіш құбырлы арматураны орнатуды: 1) жеке тұрған немесе қоршаған ғимараттардың алдында; 2) сыртқы газ пайдалану құрылғысының алдында; 3) газ реттеуіш пункттердің, газ реттеуіш блокты пункттердің, шкафты газ реттеуіш пункттердің алдында; 4) газ құбырларымен сақиналанған газ реттеуіш пункттерінің шығар жерінде шығуда; 5) газ құбырларынан бастап кенттерге, жекелеген шағын аудандарға, кварталдарға, тұрғын үйлер топтарына тармақтамаларына; 6) су бөгеттерін екі немесе одан астам желілермен қиған кезде; 7) жалпы торап темір жолдарымен және І және II санаттардағы автомобиль жолдарымен қиылысқан кезде қарастыру қажет. 44. Әртүрлі мақсаттағы газдалмаған ғимараттардың қабырғалары арқылы газ құбырларын транзиттік төсеу учаскелерінде бекіткіш құбырлы арматураны орнатуға рұқсат етілмейді. 45. Суы мол топырақтарда газ құбырларын төсеу кезінде газ құбырының жүзбелігін болдырмауды қамтамасыз ететін газ құбырына балласт жасау (топырақпен, жүктермен, анкерлермен және с.с) көзделеді. 46. Көшкінді және мүжілуге ұшырайтын учаскелерде газ құбырын: 1) көшкіннің сырғанау жазығынан (көшкінді учаскелер үшін); 2) болжанатын шайылу шекарасынан (мүжілуге ұшырайтын учаскелер үшін) төмендігі кемінде 0,5 м тереңдікте төселеді. 47. Газды реттеуіш пункттерді: 1) жеке тұратындай; 2) газ жүргізілген өндірістік ғимараттарға, қазандықтарға және қоғамдық ғимараттарға жапсарлас, өндірістік мақсаттағы үй-жайлар жағынан; 3) бір қабатты, газ жүргізілген, өндірістік ғимараттарда және қазандықтарда (жертөле және іргелік қабаттарда орналасқан үй-жайлардан басқа) салынатындай; 4) өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында қалқа астында ашық қоршалған алаңдарда ғимараттан тыс орналастыру қажет. 48. Блокты газ реттеуіш пункттерді жеке тұратындай орналастыру қажет. 49. Шкафты газ реттеуіш пункттерді: 1) жеке тұратын тіректерде; 2) кіретін қысымы 0,6 МПа-дан жоғары шкафты газ реттеуіш пункттерін қоспағанда, оларға газ жүргізуге арналған ғимараттардың сыртқы қабырғаларында орналастыру қажет. 50. Газ реттеуіш пункттерді газ пайдаланылатын қондырғылар орнатылатын үй-жайларда немесе олармен ашық ойықтармен біріктірілген жанама үй-жайларда орналастыруға рұқсат етіледі. Газ реттеуіш пункттерге ену кезіндегі газ қысымы 0,6 МПа-дан аспауы тиіс. 51. Газ реттеуіш пункттерді жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санаттарындағы үй-жайларда орналастыруға жол берілмейді. 52. Газ реттеуіш пункттерде, блокты газ реттеуіш пункттерде, шкафты газ реттеуіш пункттерде мынадай техникалық құрылғыларды: 1) сүзгіні; 2) сақтандырғыш бекіткіш клапанын; 3) газ қысымын реттеуішті; 4) сақтандырғыш лақтырғыш клапанды; 5) құбырлы бекіткіш арматураны; 6) бақылау-өлшеу құралдарын; 7) үрлеу және лақтыру құбырларын; 8) онда тізбектесе орналасқан екі ажыратқыш құрылғылары бар айналма құбырды (байпасты) немесе редуциялаудың резервті желісін орнату көзделуі тиіс. 1) енгізбе газ құбырында - бірінші ажыратқыш құрылғыдан кейін; 2) байпаста (айналма газ құбырында) - екі ажыратқыш құрылғы арасында; 3) алдын ала тексеру мен жөндеуді жүргізу үшін ажыратылатын техникалық құрылғылары бар газ құбырлары учаскесінде көздеу қажет. 54. Сақтандырғыш лақтырғыш клапандарда лақтыратын құбырларды көздеу қажет. 55. Газ реттеуіш пункттерге, блокты газ реттеуіш пункттерге және шкафты газ реттеуіш пункттерге жобалық қүжаттамада найзағайдан сақтау, жерге қосу, желдеткіш құрылғылары көзделеді. 56. Ішкі газ құбырларындағы газ қысымы дайындаушы белгілейтін параметрлерге сәйкес, осы Техникалық регламентке 4-қосымшада келтірілген мәндерден жоғары емес газ пайдаланушы қондырғылардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. 1) жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санаттарына жататын үй-жайларда; 2) үй-жайлардың жарылу қауіпі бар аймақтарында; 3) жертөле, іргелік қабаттарда және технологиялық жер үңгірлерде (төсеу технологиялық үдеріспен шарттасқан жағдайларды қоспағанда); 4) жарылыс қауіпті және жанатын материалдардың қойма үй-жайларында; 5) кіші станция және таратқыш құрылғылар үй-жайларында; 6) желдеткіш камералар, шахталар, арналар арқылы; 7) лифттердің шахталары және баспалдақ торлары, қоқыс жинағыш үй-жайлар, түтін жолдары арқылы; 8) газ құбыры материалының тот басуын туғызатын агрессивті заттардың газ құбырына әсер етуі мүмкін болатын үй-жайлар арқылы; 9) газ құбырлары жанатын ыстық өнімдер астында қалуы немесе қыздырылған немесе балқытылған металдармен жанасуы мүмкін жерлерде төсеуді қарастыруға жол берілмейді.
5. Құрылыс, қайта жаңғырту, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |