|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «IV. Шағын және орта бизнесті қолдау» деген бөлімде: «Шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қол жетімділігін кеңейту» деген 3-кіші бөлімде: реттік нөмірі 3.4-жолдың 2-бағанында «мен даму жоспарларында» деген сөздер «, даму жоспарларында және қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларында» деген сөздермен ауыстырылсын; «VII. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» деген бөлімде: «Инвестицияларды жұмыс істеп тұрған және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды қолдауға бағыттау, оның ішінде:» деген 2-кіші бөлім мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «ҚазАгро»ҰХ» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының жаңа бағыттарын түзету және/немесе таңдау «ҚазАгро»ҰХ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады»; реттік нөмірі 2.5-жолдың 2-бағанында «ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге» деген сөздер «агроөнеркәсіптік кешені субъектілеріне, оның ішінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жүзеге асыру жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кейіннен қаржыландыру үшін» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |