"Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы
Осы редакция 2009 жылғы 23 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.11.03. № 79-НҚ Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, әуежайлар мен аэронавигация қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн берудiң бiрыңғай тәртібі мен шарттарын белгiлеу мақсатында, бұйырамын: ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.11.03. № 79-НҚ Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөніндегі департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде заңда белгiленген тәртiппен тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелгеннен кейiн: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|