Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1409 Қаулысымен бекітілді 2012 жылдың 1 сәуірінде күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі, Тараптар арасында алмасатын немесе өзара ынтымақтастық шеңберінде құрылатын құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету ниетін басшылыққа ала отырып, ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарындағы екі жақты келісімдерді іске асыруға өзара ниетін ескере отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
Анықтамалар
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер мынаны білдіреді: 1) «құпия ақпарат» - кез келген нысанда баяндалған, Тараптардың әрқайсысы және осы Келісімде белгіленген тәртіппен берілген немесе алынған, сондай-ақ Тараптардың ынтымақтастығы процесінде қалыптасқан, Тараптардың әрқайсысының мемлекеті заңнамасына сәйкес қорғалуға тиісті, рұқсат етілмеген тарату Қазақстан Республикасының немесе Польша Республикасының қауіпсіздігіне немесе мүдделеріне залал келтіруі мүмкін мәліметтер; 2) «құпия жұмыстарды орындауға арналған келісім-шарт» - әзірленуі мен орындалуы құпия ақпаратқа қол жеткізуді немесе құпия ақпаратты пайдалану мен жасауды талап ететін шарт; 3) «контрагент» - Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес келіссөздер жүргізуге және құпия жұмыстарды орындауға арналған келісім-шарттарды жасауға уәкілеттік берілген Тараптар мемлекеттерінің жеке немесе заңды тұлғасы; 4) «құзыретті орган» - Тараптардың әрқайсысы үшін осы Келісімнің ережелерін бақылау мен іске асыру үшін жауапкершілік жүктелетін мемлекеттік орган; 5) «уәкілетті орган» - Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес Тараптардың ынтымақтастығы процесінде берілетін немесе пайда болған құпия ақпаратты жасауға, алуға, беруге, сақтауға, пайдалануға, қорғауға уәкілетті мемлекеттік орган немесе ұйым; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|