Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану ережелерін бекіту туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Байланыс туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағы 8-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану ережелері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Баймуратов А.Е.) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мыналарды қамтамасыз етсін: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуден соң, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлауын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишиғаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан он күннен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.
ақпараттандыру және байланыс Агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген
Радиоәуесқойлық қызметінің радиоэлектрондық қондырғыларын тіркеу және пайдалану
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы аумағында радиоәуесқойлық қызметтің радиоэлектрондық қондырғыларын тіркеу және пайдалану тәртібін реттемелейді (бұдан әрі - Ереже). 2. Радиоәуесқойлық қызмет - өзін-өзі жетілдіру, өзара байланысу және техникалық зерттеу мақсатында, бұған тиісті рұқсаты бар, жеке тұлғалар іске асыратын, радиобайланыс қызметі. 3. Әуесқойлық радиостанциялар жеке және ұжымдық қолданыстағы радиостанцияларға бөлінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|