|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Гаага қаласына (Нидерланд Корольдігі) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, 2009 жылғы 31 наурызда Нидерланд Корольдігінде (Гаага қаласы) Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен өтетін «Өңірлік тұрғыдағы тұтастай қамтитын стратегия» атты Ауғанстан бойынша халықаралық конференцияға қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев пен Азия және Африка департаментінің Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай 2009 жылғы 29 наурыз - 1 сәуір кезеңіне Гаага қаласына (Нидерланд Корольдігі) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Амстердам - Стамбул - Астана бағыты бойынша; Талғат Рахымқұлұлы Шалданбайға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Стамбул - Амстердам - Стамбул - Астана бағыты бойынша 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |