|
|
|
Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу кезінде өндірістің жай-күйін бағалауды өткізу ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.19.11. № 743 бұйрығымен күші жойылды
«Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу кезінде өндірістің жай-күйін бағалауды өткізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағысымова А.Б.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми алғаш жарияланған сәттен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 115 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу кезінде өндірістің жағдайын бағалауды жүргізу ережесі
1. Осы Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу кезінде өндірістің жағдайын бағалауды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде өндірістің жағдайын бағалауға (бұдан әрі мәтін бойынша - өндірісті бағалау) қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |