Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін; 2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2009 жылғы наурыздың 12-і.
№ 765
Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 765 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық Жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|